ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ де "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша ашық сабақ өтті. (Оқу - өндіріс шебері К.Б. Тергенбаева) Сабақтың тақырыбы: "Салмалы шоколадтар дайындау технологиясы" Мақсаты: теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, шоколадпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, салма дайындау және оны шоколадқа енгізу тәсілін үйрету. Сабақ барысында студенттер шоколад туралы өздері білетін қызықты мәліметтермен бөлісті. Нұсқаушы карта көмегімен теориялық білімдерін қолдана отырып, салмасы бар шоколад өнімдерін дайындады. Сабақ мақсатына жетті.