"Үржар КММ де "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша онкүндік өтуде. Жоспар бойынша 04.12.2025 күні ""Кондитер болғым келеді..."" презентация сайысы өтті. Сайысқа қатысушылар кондитер мамандығының маңыздылығын, ерекшеліктерін, қоғамға пайдасын түсіндіре отырып,мамандықты кандай мақсатта таңдағандарын атап көрсетті.,, Әрбір тәтті өнім тек тағам емес, адамдарға қуаныш сыйлайтын ерекше өнер туындысы. Мен үшін кондитер болу армандарымды жүзеге асыру,тұрақты табыс табу көзі, халыққа сапалы өнім ұсыну қуанышы, деп студенттер өздерінің арман - мақсаттарымен бөлісті. Үздік презентация иелері мақтау қағаздарымен марапатталды.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/1311-konditer-bol-ym-keledi.html#sigFreeId257b2c91e1













