ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ - де "2 қазан - Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған онкүндік аясында болашақ тәлімгерлер мен өзгелерді оқыта алатын мамандарды тәрбиелеуге бағытталған «Білім алмасу» шеберлік - сыныбы өтті. "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының II курс студенті Жақанова Жанерке цифрлық платформалар туралы егжей - тегжейлі мағлұмат берді. Колледж тәрбиешісі Бейбіт Нұрсұлтан жасанды интеллекті оқу үрдісінде қолдану тәжірибесімен бөлісті.

#біздіңКжТББ

#нашеТиПО