ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі. "Үржар колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 қыркүйек- Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесіне орай "Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі!" атты педагогтерге арналған дөңгелек үстел (әдіскер Турысбекова Ж.К.) мен "Тілім менің-мерейім!" (қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары) атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.