ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Студенттердің оқу процесінде алған білімдерін тереңдетіп, нығайтып бекітуі, сондай - ақ орынды қолдана білуі - жоғары білімнің маңызды аспектілерінің бірі. Тәжірибенің мәні болашақ мамандардың құзыреттіліктерін дамытуымен ғана шектелмейді, сонымен қатар, оның оқыту, зерттеушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық, кәсіби бағдар берушілік сияқты маңызды бағыттарды қамтуымен де ерекшеленеді.
2025 жылдың мамыр айының 02 - 05 аралығында “Үржар колледжі” КММ - де Алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Р. Тукеновтың ұйымдастыруымен 1 курс студенттері үшін 5 күндік далалық оқу жаттығу жиыны өтті.
Жиын барысында жоспарланған іс - шаралар толықтай орындалды. Студенттер қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тәртіпті ұстана білді. Оқу жаттығулары барысында студенттер өздерінің теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне ие болды, бұл оларға болашақ кәсіби қызметтерінде қажетті дағдыларды меңгеруге септігін тигізді.
Далалық оқу жаттығулары студенттердің бір - бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеп, командалық рухты нығайтуға, сонымен қатар, жауапкершілік пен тәртіптілік қасиеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Жиынның нәтижелері студенттердің оқуға деген ынтасын арттырып, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын тереңдетті.