ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ - де әдістемелік жұмыс жоспары бойынша кезекті әдістемелік кеңес өтті. Күн тәртібінде «Үржар колледжінде психологиялық қолдауды ұйымдастыру жолдары» (педагог - психолог Дакина С)., «Жасанды интеллектіні оқу - тәрбие үрдісінде қолдану» (информатика пәні оқытушысы Темиршинов А.З)., пән апталықтарының қорытындылары (әдіскер Турысбекова Ж.К)., колледж педагогикалық қызметкерлерінің тағлымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтуіне талдау жасау ( әдіскер Турысбекова Ж.К)., II - жартыжылдық бойынша емтихан, сынақ материалдарын бекіту, пән бірлестік жетекшілерінің 2024 - 2025 оқу жылы бойынша есебі (пән бірлестік жетекшілері Тергенбаева К.Б., Аилбекова М.О)., 2024 - 2025 оқу жылы бойынша аттестаттау комиссиясының жұмыс есебі ( аттестаттау комиссиясы) мәселелері қаралды. Әдістемелік кеңес барысында педагогтер өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.