2025 жылдың 30 сәуірінде Абай облысы білім басқармасының "Бизнес және сервис жоғары колледжі" КМҚК-де "Жастардың білімі мен бастамасы-елдің қарқынды дамуына қызмет ету жолында" тақырыбында колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында ХХ халықаралық қатысуымен облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. "Үржар колледжі" КММ-нен "Қазақ тілі мен әдебиеті" секциясы бойынша "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының I-курс студенті Жаканова Жанерке Серікболқызы (жетекшісі- Турысбекова Ж.К). «Әдебиеттегі детектив жанрының шығу тарихы және Кемел Тоқаевтың детективтік шығармаларына тән ерекшеліктер» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысын ұсынып, сертификатқа ие болса, "Тарих, құқық" секциясы бойынша "Ауылшаруашылығын механикаландыру" мамандығының I-курс студенті Рыбалкин Денис Сергеевич ( жетекшісі- Баймухаметова Ж.А). "Таскескеннің таңбалы тастары" тақырыбында зерттеу-тәжірибелік жұмысын ұсынып, III- дәрежелі дипломмен марапатталды.