Әдістемелік кеңесте күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес “Біртұтас тәрбие бағдарламасы- ұлттық адами құндылықтарға негізделген бағдарлама”( баяндамашы- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Токабаева Н.К). тақырыбында баяндама оқылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймухметова Ж.А. колледждегі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Куракбаева А.М. мамандықтарды реестрге енгізу бойынша өзгерістер, директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары Баймухаметова А.Д. «Worldskills – 2025» өңірлік кәсіби конкурсына қатысуға дайындық жұмыстары , әдіскер, ф.ғ.к. Турысбекова Ж.К. 2024-2025 оқу жылында біліктілік санаттарына аттестаттаудан өтетін педагогикалық қызметкерлердің аттестатталуы жайында айтты. Біліктілікті арттыру курстарына барып келген педагогтар Баймухаметова Ж.А.,Тукенов Р.А. есеп берді. Әдіскер Турысбекова Ж.К. «Е-портфолио» толтыру туралы тағы да нұсқаулық беріп, пән бірлестік жетекшілері Тергенбаева К.Б. мен Аилбекова М.О. жалпы және арнайы пәндер бойынша колледжішілік пән олимпиадасының өткізілу барысына тоқтады.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mysy/1058-rzhar-kolledzhi-kmm-de-distemelik-zh-mys-zhosparyna-saj-kezekti-distemelik-ke-es-tti.html#sigFreeIdbfd901144f