ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Бүгін Президент Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс екендігін жеткізді. Жолдауда бірнеше өзекті мәселелер көтеріліп, алда атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Алдағы келе жатқан 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды! «Үржар колледжі» КММ педагогтары, ұжымы, студенттері жолдауды жылы қабылдады.