ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Даналықтың алтын кілті - ата - әжелеріміз. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің - қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену. Ата дәстүрден таймаған Үржар колледжінің ұжымы мен «Мейірім» еріктілер клубының мүшелері 1 мамыр мерекесі қарсаңында ауылымыздың қариясы Зейнеп апаны мерекемен құттықтады.