ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ - де 16.02.2024 күні 05.02 -16.02 аралығында өтіп жатқан "Білімді ұрпақ - ел тірегі" атты жалпы пәндер онкүндігі аясында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Тукенов Р.А. студенттерге төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдар, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында "Жер сілкінісі" тақырыбында семинар өткізді.