ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Үржар колледжінде бұқаралық спортты дамыту, студенттердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға жол ашу, ұжым арасында ынтымақтастықты, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында "Дені саудың - жаны сау" қыстық спорт ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Ұжым мүшелері, студенттер, педагогтар қатысқан жарыс өте қызықты, көңілді өтті. Кәсіподақ ұйымы ыстық шаймен дастархан ұйымдастырды.