ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Әр адам адал жолмен еңбек етіп, бар маңдай терін төксе ғана жұмысының жемісін көре алады. Күн,түн демей еңбек етсе,талаптанса дегеніне жетеді. Жатып алып қалағаныңды тілеп жатуға болмайды. Әрекет ету керек.Сонда ғана еңбектің тәтті дәмін татасың.
Еңбек күніне орай «Үржар колледжі» КММ-де,  колледж психологы М.О Аилбекованың ұйымдастыруымен «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында студенттер арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттерге кәсіби маман иесі болу үшін, үлгі ретінде колледж түлегі Байжұманов Нұрланбек шақырылып,  жастарға мамандық туралы ақыл кеңесін айтты. Сонымен қатар Нұрланбек құр ала берген білімнен пайда жоқ. Оны жарату керек. Еңбек ету, білгеніңді бөлісу "Еңбек адамның көркі, адам заманның көркі" демекші, адам деген атқа лайық болу үшін де бір орында тұрақтап қалмай, үнемі ізденіс, қозғалыс үстінде жүру керектігін айтып, жастарды еңбек етуге шақырды. 
#EnbekEri
#еңбек_күні_абайоблысы
#Біртұтас_тәрбие