ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі» КММ-де қазан айының 9-13 аралығында «Алтын күз-2023» мерекесі аталып өтті. Табиғат-күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы алтын ұя бесігі, құт берекесі күздің табиғаттың төрт мезгілі ішінде алатын орны ерекше. 
Мереке бағдарламасы бойынша «Алтын күз» атты кросс, жәрмеңке, көрме ұйымдастырылды. «Күз ханзадасы мен ханшайымы-2023» сайысы өтті. 
Сайыс алты бөлімнен тұрды: 
1-бөлім: Тегімді менің сұрасаң...(Өзін- өзі таныстыру)
2-бөлім: Өнерің өрге жүзсің(Өнер сайысы)
3-бөлім: Қас-қағым сәт (Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру)
4-бөлім: Күзгі сән үлгісі 
5-бөлім: Күзгі сый (Салаттар шеруі)
6-бөлім: Күзгі вальс
 
Сайыс қорытындысы бойынша «Күз ханзадасы мен ханшайымы 2023» атағын №4 пен №97 топ студенттері Отарғажы Жанболат пен Арзымбетова Милана жеңіп алды. Колледж студенттері мерекеге белсене атсалысты.
#Біртұтас_тәрбие
#abai_bilim_basqarmasy