ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі» КММ-де Студенттік парламентінің президент сайлауы колледж студенттері және ұжым мүшелерінің қатысуымен өткізілді.
Сайлауды колледж директорының м.а. Сабитов С. Т ашып, сайлауға түскен студенттерге сәттілік тілей отырып, үміткерлерге өз дауыстарын берді.
Сайлау ережесіне сай колледж Президенттігіне 7 үміткер ұсынылып, олардың бағдарламалары алдын-ала колледж студенттеріне таныстырылды.
Сайлау қорытындысы бойынша арнайы құрылған комиссия берілген дауыстарды санап нәтижесін шығарды. 
#Біртұтас_тәрбие 
#abai_bilim_basqarmasy 
#студенттікпарламент
 #oqu_agartu_ministrligi 
#абайоблысыбілімбасқармасы