ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндері секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры жетерлік.
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі.
05.05.2023 күні Үржар колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Р.А.Тукеновтың ұйымдастыруымен, студенттерге Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында колледж студенттері
7 мамыр мерекесі күні қарсаңында Батырлар аллеясында мерекелік шеруге қатысты.