Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау - ұстаздар қауымы алдында тұрған міндеттердің бірі.
Қоғамда көп ретте жастардың жұмысшы мамандықтарына жиі бара бермейтіні айтылады. Еліміз бүгінгідей кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп отырғанда, бір жағынан жұмысшы мамандығында оқыған жастың кейіннен кәсіп ашып, істің көзін табуына да мүмкіндігі бар. Әрі бала күнінен шаруашылыққа бейім жастың өсе келе жұмысшы мамандығын да таңдайтыны сөзсіз. Жұмысшы-жұмыссыз қалдырмайтын мамандық.
«Үржар колледжі» КММ-де жұмысшы мамандығының беделін арттыру,дәріптеу және кәсіптік бағдар беру мақсатында Үржар аудандық білім бөлімімен бірге ұйымдастырып жатқан «Ашық есік» күніне 12 сәуірде «Науалы орта мектебі» КММ, «Көлденең орта мектеп-бақшасы» КММ, «Қаратұма орта мектеп-бақшасы» КММ, «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ білім беру мекемелерінен 54 оқушы келіп, оқытуға барлық қажетті жағдайлар қарастырылған оқу орнымен танысып қайтты.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/696-mamandy-ta-dau-b-l-adam-mirindegi-ma-yzdy-iyn-zh-ne-zhauapty-adam.html#sigFreeId7f0ad9a7a0