Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Ашық есік» күні шарасына сәуір айының 11-і күні Үржар ауданындағы Науалы ауылындағы «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектеп» КММ, Елтай ауылындағы «Қ.Игенбай атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ және Ақшоқы ауылындағы «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ білім мекемелерінен 9-сыныптардың 43 оқушысы қатысты. Колледж директоры К.М.Чарахметов бастаған ұжым мүшелері мектеп оқушыларына 60-жылдан асқан тарихы бар білім ордасының тарихымен, колледждің жетістіктерімен, материалдық-техникалық базасымен, жатақханамен, зертханамен, студенттермен жүргізілетін жұмыстардың жетістіктерімен, жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттерімен таныстырып, оқу орны жайлы толық ақпарат берді. Шара соңында мектеп оқушылары сұрақтар қойып, колледжде оқуға өздерінің қызығушылықтарын білдірді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/695-ashy-esik-k-ni.html#sigFreeId809d8372e4