ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Жатақхана - екінші үйің, сондықтан жатақханада орналасқан студенттердің алаңсыз оқуына қажетті жағдайлар жасау - біздің міндетіміз. Жатақхана меңгерушісі Г.Қ.Бакаеваның ұйымдастыруымен жатақхана қызметкерлерінің арасында кішігірім жиналыс өтті. Жиналыс барысында жатақхананың ішкі тәртібі, қауіпсіз ережелері, жатақханаға кіру және шығу тәртібі, бөлмелердің, дәліздің тазалығын сақтау міндеттері туралы айтылды.
Сондай-ақ, Гулсым Қанағатқызы жатақхананың маңайын қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында қызметкерді көптеген жұмыстарды атқаруға шақырды.