ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Тәлімгер не оқиды» акциясы

 

«Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында колледж  кітапханашысының ұйымдастыруымен «Тәлімгер не оқиды» акциясы өтті.   Аталған акцияға Мұхтар Ауезовтың «Абай жолы» романының төрт томын оқу ұсынылды. Қатысушы студенттер төрт топқа бөлінді. Әр топтың тәлімгерлері оқылған кітап –авторы мен атауы туралы және ол кітаптың несімен ұнағанын, неліктен ұсынатынын айтты. Студенттер оқып шыққан кітаптар кейіпкерлері туралы материалдар жинақтап бүктемелер мен суреттерін колледждің үшінші қабатында арнайы дайындалған орынға ілді. Жеңімпаз болып № 2 топ    анықталып мадақтамамен марапатталды.  

#оқуғақұштарколледж

#читающийколледж