ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ- де Абай облысы білім басқармасының келісімімен Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы және Үржар аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Адаспайық, ағайын» тақырыбында Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының меңгерушісі Қабылқанов Ербол Берікұлы, теолог Байжұмаев Ердос Жасболатұлы кездесу өткізді.Кездесуге Үржар колледжі студенттері, Алтынсарин және Ақтамберды мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Студенттер мен оқушылар дін мәселесі бойынша толғандырып жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды.