ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ-де "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша өтіп жатқан онкүндік аясында арнайы пән оқытушылары мен оқу-өндіріс шеберлерінің ұйымдастыруымен осы мамандықты меңгеріп жатқан топтар студенттерінің арасында "Достық дастарханы" атты ұлттық тағамдар фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты: Елімізде тұратын түрлі ұлттардың аспаздық дәстүрлері мен тағам дайындау ерекшіліктерімен таныстыру және олардың дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Фестиваль барысында студенттер әр ұлттың киімдерін киіп, ұлттық ән - билерін орындап, тағамдарын көрермендерге ұсынды. Сонымен қатар тағамның дайындау технологиясын және денсаулыққа пайдалы тұстарын атап өтті.