Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім! - демекші студенттік өмір деген - игі өмірдің бастауы.
Кеше ғана мектеп партасында отырған оқушылар, бүгін жайқалған жасыл баудай болып "Үржар колледжі" КММ-дей үлкен білім ордасының студенттері болып отыр.
Колледжіміздің жатаханасында студенттер күніне орай, жатақхана тәрбиешісі Нұрсултан Бейбітұлының және жатақхана менгерушісі Гүлсім Қанағатқызының ұйымдастыруымен "Қызықты көңіл, студенттік өмір!" атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: студенттерді мереке тарихымен таныстыру, ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа, белсенділікке, жан-жақтылыққа, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.