Бүгін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері - Рахымжанов Әмірхан Муратбекұлы, Омарбекова Жанат Ануарбековна, Дүйсенгазы Серикзат Мақсұтұлы бастаған бірқатар азаматтар ауылымызға ат басын бұрды. Ауыл тұрғындарымен және колледж ұжымымен кездесу өткізді. Халықты дұрыс таңдау жасауға шақырып, Қасым - Жомарт Кемелұлының сайлау алды бағдарламасымен таныстырды.