ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Колледжіміздің оқу - тәрбие жұмыстары жоспарына сәйкес өзін-өзі басқару бағдарламасы аясында колледжішілік президент, білім министрі, мәдениет министрі, спорт министрі және тазалық секторыларын анықтау мақсатында сайлау өтті. Сайлауға студенттер қауымы қатысты. Сайлауға түсетін кандитаттар өз бағдарламаларын ұсынды.
Колледж болашағын сеніп тапсыратын бұл науқанға барлық студенттері өз кандитаттарын таңдауға бір кісідей ат салысты.
Сайлау қорытындысында колледж президенттігіне, білім, мәдениет, спорт министрлігі мен тазалық секторлығына үміткер 20 кандитат арасынан жоғары балл жинаған студенттер өз қызметтеріне кірісіп кетті. Колледж президенттігіне тең дауыс жинаған І курс студенті Биязбаев Мейрамбек колледж президенті болып сайланды.
Білім министрі Вольф Жанна , мәдениет министрі Оңал Есімхан, спорт министрі Ташкенбаев Ернұр және тазалық секторы болып Ораз Данагүл сайланды. Суденттердің жұмыстарына сәттілік тілейміз