«Үржар колледжі»КММ кітапханасының оқу залында кітапханашы «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Бір колледж – бір кітап» атты акциясын өткізді.Акция барысында колледж кітапханашысы «Бір колледж – бір кітап» атты кітап көрмесіне шолу жасап ,оқырман назарына қордағы әдеби кітаптарды ұсынды. «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшылы Әлішер Науаи.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында студенттер кітап туралы өлең шумақтарын оқыды.
Акцияның мақсаты –студентерге рухани мұраны сақтауға және оқуға жәрдемдесу болып табылады.Акция соңында директордың оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймухаметова Жұпар Ануарбековна іс – шараға қатысушы студенттерге еліміздің әдеби мұрасының маңыздылығы туралы лебізін білдірді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/608-bir-kolledzh-bir-kitap-aktsiyasy.html#sigFreeIdfc3137dfd6