ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз біз үшін орны бөлек. Сіздер колледжіміздің өсіп өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жастарды тәрбиелеп, ұшырдыңыздар. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің үлгісін танытудан жалықпаңыздар.

"Үржар колледжі" КММ директоры Қанағат Маратұлы, кәсіподақ ұйымының төрайымы Камила Байғалиқызы, мүшесі Анар Нұрқасымқызы және колледж студенттері 1 қазан-Қарттар күніне орай педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында, зейнетте отырған колледж педагогтерін және қызметкерлерін құттықтап, сый-сияпат тарту етті.