ҚР ҚК миналары,олардың тактика – техникалық сипаттары мен құрылысы Инженерлік бөгеттер қарсыластың ілгерілеуін бөгеу,маневрін қиындату,тірі күші мен техникасын шығынға ұшырату ,өз әскерлеріне қарсыласты қарудың барлық түрлерімен жою үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызу мақсатында жасалады. Мұндай бөгеттер ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде қолданылады. Қарсыласқа әсер ету сипаты мен қолданылатын құралдарына қарай инженерлік бөгеттер мина жарылғыш, жарылмайтын, аралас бөгеттер болып сараланады. Мина жарылғыш бөгеттер инженерлік бөгеттердің негізін құрайды және миналанған алаң, миналар тобы, жеке миналар түрінде жасалады. Мина – жарылысқа арналған арнайы құрылғысы бар , бөгет жасау құралы ретінде қолданылатын қабықтағы жарылғыш заттың заряды. Миналар – танкілерді және басқа да ұрыс машиналарын істен шығаруға, қарсыластың тірі күшін жоюға,әр түрлі нысандар мен басқа да нысаналарды қиратуға арналады.