23.02.2022 жылы Үржар АПБ КТіБ УПИ полиция лейтенанты Ануарбек Мурат Болатбекұлы, полиция аға лейтенанты Омербеков Руслан Қайратулы, Үржар АПБ КСТ инспекторы, полиция капитаны Муратаев Айдос Чакенович және полиция капитаны Тоқтаров Бауыржан Нұржанұлы "Үржар колледжі" КММ -не келіп студенттермен профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс басында сөз кезегін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Баймухаметова алып қысқаша құқық, тәртіп туралы айта келіп, қонақтармен таныстырды.
Сөз кезегін алған полиция лейтенанты Ануарбек Мурат Болатбекұлы қылмыстық Кодекстің баптарымен, яғни, арақ ішу, темекі тарту, әлімжеттік үшін қандайда жауаптылыққа болатындықтарын қарапайым тілде студенттерге түсіндіріп берді. Әкімшілік құқық пен қылмыстық құқық арасын ажырата түсіндіріп, қандай да бір жасалған заңға қайшы әрекеттер жазалаусыз қалмайтыны жөнінде айта кетті.
Өз кезегінде сөз алған полиция аға лейтенанты Омербеков Руслан Қайратұлы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы бұзақыларды болдырмау және оның алдын-алу шарттарымен таныстырып, студенттерді тәртіпті болуға шақырды. Жалпы оқу орнындағы тәртіп бұзушылықтың алдын-алу үшін ІІБ ЖПИ қызметкерлерінің тығыз байланыста болатыны жөнінде ескертіп өтті
Полиция капитаны Муратаев Айдос Чакенович студенттерді ішкі істер қызметінде жұмыс істеуге, яғни сол мамандық бойынша білім алуға шақырды.
Қорытынды сөзді колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймухаметова Жупар Ануарбековна алып, колледж қабырғасында тәрбиелік іс-шаралар уақытылы өтіп тұратындығын, сонымен қатар, құқықтық сағаттар, дөңгелек үстелдер студенттер арасында жиі кездесулер өтетінін айтты. Осы уақыт аралығында аса қатты бұзақылық жасаған оқушы кездескен жоқ, дегенмен колледж ережесін бұзған студенттер болды, оларға дер кезінде шара қолданылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сөз соңында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Баймухаметова студенттерге тәртіп бұзбау керектігін ескертті.