ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Құрметті, аяулы асыл жандар! Сіздерді, ең көрікті де қуанышты көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
03.03.2022 жылы "Үржар колледжі" КММ жатақханасында жатақхана меңгерушісі Бакаева Гүлсім Қанағатқызы мен Бейбіт Нұрсұлтан Бейбітұлының ұйымдастыруымен 8 наурыз қарсаныңда "Сыйынар ем ана деген тәңірге" атты мерекелік кеш өтті. Студенттеріміз өте жоғары деңгейде дайындалып, тамаша, позитивті көңіл - күй сыйлады. Әркім өз өнерлерін барынша ортаға салып, жан-жақты қырларынан таныла білді. Өздерінің ыстық ықыластарын, ризашылықтарын колледж ұжымына, оқытушыларына, жатақхана қызметкерлеріне, сонымен қатар жатақхана меңгерушісі Гүлсім Қанағатқызы мен тәрбиеші Нұрсұлтан Бейбітұлына ерекше ризашылықтарын білдірді. Осындай талантты, өнерлі, студенттеріміз көп болсын. Келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті нәзік жандар!