«Алғыс айту күні». Осылайша, наурыз айының беташар күні мерекелік құттықтау, бір-біріне деген ыстық ықылас пен ризашылық сөздермен бастау алды. Қаhарлы қыс бітіп, жайма шуақ мезгіл көктемнің алғашқы мерекесі тойлануда. Бүгін «Алғыс айту күні».
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған тұңғыш Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.
Осы орайда, Үржар колледжінің ұстаздары мен студенттері де мерекені көтеріңкі көңілмен, бір-біріне жылы сөздер айтумен бастады. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жұпар Баймухаметованың ұйымдастыруымен өткен «Алғыс айту-парызым» мерекелік концерті өтті. Мерекелік көңіл-күй сыйлауды жоспарлаған ұйымдастырушылар колледж ұжымына жүрекжарды тілектері мен алғыстарын жеткізді. Бейбіт Нұрсұлтан колледждің әр саласы бойынша видеоролик көрсетті. Ауыл әкімі Айдын Кожаев және колледж директоры Канагат Чарахметов мерекемен құттықтап, алғыстарын білдірді. Колледж оқытушы Ақшайх Архат пен музыкант Кусманов Серік әннен шашу шашты.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/528-al-ys-ajtu-k-ni.html#sigFreeIdf1969e6196
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/528-al-ys-ajtu-k-ni.html#sigFreeIdf1969e6196