Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды дәстүрге айландырған. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Үржар колледжінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Баймухаметованың тәрбие жоспары аясында «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы аталып өтті. Мерекелік Наурыз тойын Ж.Аскарбаева мен А.Сейтжанова жоғары деңгейде ұйымдастырды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ұмыт болып бара жатқан сат-дәсүрлерді : үме салты, тұсау кесер дәстүрі, бәс тігу салты,тойбастар дәстүрі,бесікке салу дәстүрі,сүйінші сұрау, беташар дәстүрі,байғазы сұрау дәстүрі, ерулік беру, бата беру дәстүрлерін барлық топ студенттері ерекше қуанышпен көрініс ретінде қойып, сахнаны ән мен жырға бөледі.Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалып, мерекелік дастархан жасалды. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Р.Тукеновтың ұйымдастыруымен дәстүрлі ұлттық ойындар қол күресі, гір тасын көтеру ойындары ойналды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген. Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын!
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/525-nauryz.html#sigFreeIdd57c3084de
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/525-nauryz.html#sigFreeIdd57c3084de