ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Үржар ауданында "Комирнати" вакцинасын қолданумен (Пфайзер, АҚШ) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізу жұмысын түсіндіру үшін құрылған үгіт-насихат тобы өз жұмысын жалғастыруда. 16.11.2021 жылы "Үржар колледжі" КММ-де "Ата-аналардың құқықтық жауапкершілігі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа қатысқан үгіт-насихат тобының құрамында: "Үржар аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігерінің орынбасары С.Енсебаев, Аудандық СЭС-тің бөлім басшысы Г.Кадырбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Кумашева, аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Әміргалинов, "Үржар колледжі" КММ директоры, аудандық мәслихат депутаты К.Чарахметов екпе жүргізу бойынша санитарлық ағарту және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жиналыста ата-аналардың құқықтық жауапкершілігі, ата-аналар мен бала арасындағы қарым-қатынасқа да тоқталды. Ата-аналар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.