ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Ағымдағы жылдың 10-11 қараша күндері ШҚО Білім басқармасының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушыларына және жұмыссыз жастарға мамандықтарды насихаттау және кәсіптік бағдар беру мақсатында облыс колледждарымен жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен Үржар ауданы мектептеріне "СтартПрофи - Shygys" стенд-мобы өтті. Кәсіптік бағдар бере отырып, қоғамға қажетті маман дайындау, жұмысшы мамандығын дәріптеуге арналған, мектеп түлектеріне және ауыл жастарына мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беруді көздейтін стенд-моб шарасына облысымыздың 11 колледжі мен 1 жоғары оқу орны қатысты.