ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Ағымдағы жылдың 26 қараша жұлдызында "Үржар колледжі" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты топ кураторлары апталығы аясында алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Саканов Айдар Қазбекұлы колледж студенттерімен "Тәуелсіз елдің салауатты жастары" атты әскери-спорттық, ұлттық ойындар сайысын өткізді. Сайысқа студенттер қызығушылықпен қатысты.