ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойы аясында «Үржар колледжі» КММ - де "Үржар колледжі" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты топ кураторлары апталығы аясында №87 топ кураторы Қаратай Гульназ мен кітапханашы Кашимбаева Анаргульдің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік- Мәңгілік елдің тұғыры» атты «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өтті.

Студенттерді білімді, елінің тарихын білетін патриоты болуға тәрбиелеу, көшбасшылық қабілеттерін ояту, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі өткен зияткерлік сайысқа І-ІІ курстардан жеті бала қатысты. Жалпы сайыс төрт кезеңнен тұрды. Қатысқан студенттер арасынан топ жарған ІІ курс студенті Әлинұр Мұратқанұлы «XXI ғасыр көшбасшысы» атанды. Қатысқан студенттер бағалы сыйлықтармен марапатталды.