ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2021 жылдың қараша айының 24 жұлдызында "Үржар колледжі" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты топ кураторлары апталығы аясында №92 топ кураторы К.Тергенбаева мен №100 топ кураторы М.Шенердың ұйымдастыруымен "Әнім сенсің Қазақстан" атты патриоттық әндер сайысы өтті. Сайыста 2 топ өз бақтарын сынады.

Сайысқа студенттер белсенді қатысып, І орынды ""Қазақ жастары" тобы, ІІ орынды "Жасұлан" тобы иеленді.