«Өсетін ел тарихын таспен жазады, өшетін ел тарихын жаспен жазады», – деп дана халқымыз айтпақшы, Шығыс Қазақстан облысының, Үржар ауданы, Таскескен ауылы аумағы аса құнды жәдігерлеріміз сақталған киелі тарихи мекен. «Үржар колледжі» КММ-нің директоры, тарих пәнінің оқытушысы Қанағат Маратұлы колледж жанынан шағын экскурсиялық топ құрып, студенттерді Таскескен ауылы Тарбағатай тауының күнгейінде орналасқан «Ортакөң» сайында орналасқан Қола дәуірінде өмір сүрген адамзаттың тасқа қашалып жасалған суреттерімен таныстырды. Бұл суреттер мен ескерткіштер Республика деңгейінде зерттеліп, құнды жәдігер ретінде әлі толық танылған жоқ.
Эксукурсия мақсаты: "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында жас ұрпаққа тарихи мұралар құндылығының алдыңғы орында тұруы бүгінгі күннің басты талабы екендігін ұғындыру.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/460-setin-el-tarikhyn-taspen-zhazady-shetin-el-tarikhyn-zhaspen-zhazady.html#sigFreeIda226d03daf