1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!
Бұл мереке кейбір азаматтардың колледж қабырғасына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген колледжге мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен топ жетекшілері, оқу-өндіріс шеберлері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған студенттерді қарсы алды, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
«Үржар колледжі» КММ – де 2021 жылғы 1 қыркүйегінде І курс студенттеріне Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиыннан кейін, І курс студенттеріне топ кураторлары тәрбие сағаттарын өткізді.
ІІ-ІІІ курс студенттеріне Білім күніне арналған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты кураторлық сағаттар өткізілді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/456-1-yrk-jek-barsha-khaly-ty-d-st-rli-merekesi.html#sigFreeId43f6f1720d