Қазіргі кезде терроризмнің әр түрлі нысандарда көрініс алатын және жаһандық масштабты иеленетін аса қауіпті және болжам жасауға келе бермейтін құбылыс екені белгілі болып отыр.
Терроризм басқа уақыттармен салыстырғанда үнемі даму үстінде болатындығын, бұрын белгілі болмаған әдістер мен нысандарда жасалатындығын көрсетуде. Себебі террористер экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді, діни фанатизмді, сепаратистік пиғылдарды табысты қолдана білуде.
«Үржар колледжі» КММ-де 13.05.2021 жылы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Баймухаметова Жупар Ануарбековна мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Саканов Айдар Қазбекұлының ұйымдастыруымен «Терроризм актісі жасалған кезде терроризмге қарсы жүріс-тұрысты және іс-қимылды қалыптастыру бойынша практикалық семинар» өтті. Семинарға колледж оқытушылары мен студенттер қатысты. Семинар барысында видеоролик көрсетілді. Радикалды діни идеологияның және басқа теріс пиғылды көзқарастардың ықпалына, әсіресе жастар арасында тағатты сана мен патриоттық сезімдерін нығайту, сондай-ақ бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуын алдын-алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизімге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден- ақ бірліктің ынтымақтықтың маңызын жете түсінген.