ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Наурыз мерекесі.


Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын түрлері көп. Ұлттық ойындар қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған екен. Жастайынан балаларды батылдыққа, ептілікке, күштілікке, төзімділікке баулуға бағытталған.
Наурыз мерекесі қарсаңында Үржар колледжінің студенттері мен ұжым мүшелері арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. Асық ату, қол күрес, гір тасын көтеру сияқты ұлттық ойындардан өткізілген жарыс жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.