ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, тағамдардың жасалу жолдарын үйрету «Қазақ дастарханы» туралы түсінік беру, ұлттық тағамдар туралы мәлімет беру, олардың түрлерімен таныстыру мақсатында Үржар колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының І курс студенттері арасында «Дәмді бауырсақ» және «Ең үздік Наурыз көже» сайысы өтті. Әр топ қазақтың дастарқанының ерекшелігі туралы, өздері дайындаған бауырсақ пен Наурыз көженің шығу тарихын, құрамын баяндады.