ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкері Талап Әзімбаев колледжде білім алып жатқан ұлдармен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – студенттер арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, өзара сыйластықты нығайту және тәртіп бұзушылықтың алдын алу.Жиналыс барысында буллинг пен кибербуллинг мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талап Әзімбаев қатарластарын қорлау, қорқыту немесе әлеуметтік желіде кемсіту адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретінін айтып, студенттерді бір-біріне құрметпен қарауға шақырды. Осындай жағдайға тап болған немесе куә болған жағдайда үндемей қалмай, кураторға, педагог-психологке, ата-анаға не полиция қызметкеріне хабарлау керектігі түсіндірілді.Сондай-ақ жол қауіпсіздігі сөз болды. Студенттерге жолдан өту кезінде мұқият болу, бағдаршам белгілерін сақтау және көлік қозғалысына қатысты қауіпсіздік талаптарын естен шығармау қажеттігі айтылды. Кездесуде колледждің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа жауапкершілікпен қарау және қоғамдық ортада өзін әдепті ұстау мәселелері де талқыланды.