«Үржар колледжі» КММ де директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жупар Баймухаметованың ұйымдастыруымен топ кураторлары бірлестігінің кезекті отырысы өтті.Отырыстың негізгі мақсаты – 2026-2027 оқу жылындағы білім алушыларға сапалы тәрбие беру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, топ кураторларының өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру жолдарын талқылау.Отырыс барысында бағдарламаның негізгі құндылықтары мен басым бағыттары кеңінен таныстырылып, оларды кураторлық сағаттар мен колледжішілік іс-шаралардың мазмұнына тиімді енгізу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, білім алушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, заң мен тәртіпті құрметтеу, ұлттық құндылықтарға беріктік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Отырыс барысында топ кураторлары атқарылған жұмыстар бойынша пікір алмасып, алдағы кезеңге арналған міндеттерді нақтылады. Білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, еңбекке баулу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту бағытында ұсыныстар айтылды.
https://www.bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/1443-top-kuratorlary-birlestigini-kezekti-otyrysy.html#sigFreeId28fb28e9b9













