Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаев әділетті,қауіпсіз және құқықтық мемлекет құрудың негіздерінің бірі ретінде «Заң мен Тәртіп»қағидатын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.Жастар арасында құқыққа қайшы мінез-құлыққа тұрақты түрде теріс көзқарас қалыптастыру, құқықтық және қаржылық деңгейін арттыру, сондай-ақ «Заң мен Тәртіп»қағидатын іске асыру шеңберінде «Үржар колледжі» КММ-де директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жупар Баймухаметованың ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Заң мен Тәртіп-жастардың таңдауы» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында қоғамдағы «Заң мен тәртіп» құндылығын нығайту, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды. Әсіресе буллинг пен кибербулингтің алдын алу, олардың жасөспірімдер психологиясына тигізетін кері әсері, интернет-алаяқтықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ нашақорлықтың зияны мен оның құқықтық салдары туралы маңызды ақпараттар берілді.
Құқық қорғау органы қызметкерлері студенттерге заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, тәрбиелік маңызы зор кездесу болды.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/1439-za-men-t-rtip-zhastardy-ta-dauy.html#sigFreeId0f7be23c21













