ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларына арналған лагерьдің  9-шы күні ерекше өтті. Бұл күні «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Колледжіміздің оқу-өндіріс шеберлері арнайы техникалармен жабдықталған шеберханаларда теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Оқушылар шеберлердің дәрістерін тыңдап, ауыл шаруашылығының заманауи механизмдері мен технологиялары туралы көп нәрсе үйренді. Олар техниканың жұмыс принциптерін түсініп, практикалық тапсырмаларды орындау барысында өз қолдарымен тәжірибе жинақтады. Балалардың қызығушылығы мен белсенділігі ерекше байқалды.