ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларына арналған  лагерьдің 7-ші күні ерекше оқиғамен есте қалды. "Үржар колледжі" КММ-де колледж оқытушысы Н.Б. Бейбіттің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында интеллектуалдық ойын өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, білім деңгейін арттыру, тапқырлық пен жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру болды. Ойын барысында қатысушылар әртүрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен ой ұшқырлықтарын көрсетті. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрып, студенттер командалық жұмыс жасау, өзара пікір алмасу және білімдерін ортаға салу арқылы белсенділік танытты. Интеллектуалдық ойын студенттердің танымдық қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, ұйымдастырушыға алғыстарын білдірді.