ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де студенттерге халықтық Конституцияның құндылықтары мен нормаларын кеңінен түсіндіру және ілгерілету мақсатында «Білім және еңбек – стратегиялық құндылық: адами капиталды дамыту» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды.

Топ кураторлары Рауан Тукенов , Нұрсұлтан Бейбітұлы Конституцияда айқындалған адами құндылықтардың қоғам дамуындағы маңызын жан-жақты атап өтті. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарының мәні мен негізгі мақсаттары түсіндіріліп, олардың жастар тәрбиесіндегі рөліне ерекше назар аударылды.