«Үржар колледжі» КММ-де халықтық Конституцияның құндылықтары мен нормаларын кеңінен түсіндіру және ілгерілету мақсатында «Білім және еңбек – стратегиялық құндылық: адами капиталды дамыту» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында колледж директоры Сабырбек Сабитов және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жупар Баймухаметова сөз сөйлеп, Конституцияда айқындалған адами құндылықтардың қоғам дамуындағы маңызын жан-жақты атап өтті. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарының мәні мен негізгі мақсаттары түсіндіріліп, олардың жастар тәрбиесіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Семинар қатысушыларына құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және ел болашағы үшін сапалы адами капиталды дамытудың маңыздылығы түсіндірілді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/1405-bilim-zh-ne-e-bek-strategiyaly-ndyly-adami-kapitaldy-damytu.html#sigFreeIdd7a68106a6













