Үржар колледжінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында студенттер мен оқытушылар колледж аумағын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіруде. Сонымен қатар, жасыл желекті көбейту мақсатында гүлдер мен ағаштар отырғызылды.













